Шымкентте жеңгетайлықпен айналысқандар сотталды. 14 адам өткен жылдың қаңтар-мамыр аралығында қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бүгін бірнеше айға созылған жабық сот отырысы аяқталды. Оларға қылмыстық кодекстің 309-бабы 2-бөлігі, яғни топ болып пайдасы үшін жеңгетайлықпен айналысты деп айып тақты. Сотталушылар кінәсін ішінара мойындаған. Сот 14 адамның әрқайсысын 3 жыл бас бостандығынан айырды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.