23 жастағы офицердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Көкшетаудағы Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының оқытушысының денесі кеше жұмыс орнының ғимаратында табылған еді. Алдын ала түскен мәліметке сәйкес, ол суицид жасаған. Қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Азаматтық қорғау академиясы оқиға бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Академияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, болған оқиға оқытушының кәсіби қызметіне байланысты емес.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.