Қуандық Бишімбаевтың отбасы балаларға алимент төлеуден түбегейлі бас тартқан. Бұл туралы Ұлттық экономика экс-министрінің бұрынғы әйелі Назым Қахарман айтты. Оның сөзінше, алимент үнемі кешіктіріліп төленген, ал алимент туралы келісімде қарастырылған кейбір шығын мүлдем өтелмеген. Назым Қахарман төлеген барлық соманы Бишімбаевтың адвокатына жіберген. Алайда ол елемеген. Назым Қахарман мен Қуандық Бишімбаев 14 жыл ресми некеде болды. Олардың үш баласы бар. Ерлі-зайыпты 2020 жылы ажырасу кезінде алимент туралы келісім жасалған. Назым Қахарман мәлімдеме жасағаннан кейін, 30 наурызда Бишімбаевтар отбасының адвокаты хабарласып, олар алимент төлеуден мүлдем бас тартатынын айтқан.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.