Ақтөбеде полиция қызметкері абайсызда әріптесін табельдік қарумен атып жіберді. Оқиға алдыңғы күні түнде болған. Полиция департаменті оқиғаның абайсызда болғанын хабарлады. Аяғынан жарақат алған жәбірленуші ауруханаға түсіп, оған көмек көрсетілді. Операция қажет болмады. Алғашқы хирургиялық емдеу жүргізілді. Ал немқұрайлылықпен атып жіберген әріптесі қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетілді. Оған қатысты «Немқұрайлылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.