Түркістан облысында жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы қалай?

Түркістан облысында жарылыстан зардап шеккен екі адамның жағдайы орташа ауыр. Бірінің сол иығын 15% күйік шалса, екінші науқастың мойны шамамен 10% күйіп қалған. Олар қазір дәрігерлердің бақылауында. Толыққанды ем-шара жүргізіліп жатыр. Қайғылы оқиға осыдан 5 күн бұрын болған. Шардара аудынына қарасты Жаушықұм ауылында жеңіл көлік газ құю колонкасын соғып, жарылыс болды. Оқиға орнында екі адам қаза тауып, ауруханаға үш адам жеткізілген еді. Дегенмен 22 жастағы жігітті аман алып қалу мүмкін болмады. Қазір бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
НҰРҒАЛИ МОЛДАХАНОВ, АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Шардара аудандық орталық ауруханасында ем алып жатқан науқас Т. оң жақ иық, білек-шынтақ аймағының термиялық күйігі 10-15%, 1-2 дәрежелі. Бүгінгі таңда жағдайы орташа ауырылықта ем қабылдау үстінде. Екінші науқас С. мойын аймағының термиялық күйігі 5-10%, орташа ауырлық дәрежеде, емін алып жатыр. Науқастармен толық әңгіме жүргізілді. Облыстық ауруханамен бірге камбустиолог дәрігердің кеңесі алынды.
———————————————