Қарағандыда төрт балықшы суға кетті

Қарағанды облысында көктем келіп, мұз ери бастады. Соған қарамастан өзенге аттанған төрт балықшы суға батып кетті. Сондықтан Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары өзен-көлдерге 200 рет рейд жасап, ескертуді елемегендерге айыппұл сала бастады. Самарқанд су қоймасына батып кеткен үш балықшының денесін құтқарушылар бірнеше күн іздеп әрең тапқан. Үшеуі де – зейнеткер. Жұқарып тұрған мұз үстіне шығып, қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзған балықшылардың құтқару кеудешелері де болмаған. Ескерту белгілеріне қарамай, қауіпті аймаққа дейін жетіп, балыққа қармақ салған. Дәл осындай жағдай Топар ауылы маңындағы Шерубай-Нұра су қоймасында да болды. Қазір балықтан оралмаған тағы бір тұрғын іздестіріліп жатыр.
ЕРІК ТҰРСЫНҒАЛИЕВ, ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
— Әрқашан мұздың қалыңдығын, беріктігін анықтамай тұрып, мұзға шығуға болмайды. Мұз үстінде, су қоймаларында болған жағдайда құтқару құралдарымен шығуға шақырамыз. Бүгінгі таңда облыс бойынша жыл басынан бастап қауіпсіздікті сақтамау бойынша алты әкімшілік құқықбұзушылық, адам жауапкершілікке тартылды.
———————————————