Алматы облысындағы Тұздыбастау тұрғындары тасқыннан өз күштерімен қорғануда

Алматы іргесіндегі Тұздыбастау ауылын не себепті су басқаны белгілі болды. Елді мекендегі Қотырбұлақ өзені толассыз жауған жаңбырдан арнасынан асып, алты үй мен медициналық орталықтың ауласына су кірген. Құтқарушылар мен коммуналдық қызметтер тасқын салдарын тез жойып, себебін анықтады. Мамандардың айтуынша, жұрт өзен арнасын заңсыз тарылтқан. Қазір арнаны тазарту, түбін тереңдету, жағасын бекіту жұмыстары аяқталуға жақын.
ДӘУРЕН АЗАМАТОВ, ТЖД БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
— Су басудың негізгі себептері – өзен арнасының заңсыз тарылуы. Тұрғындардың өзен арнасына қоршаулар мен күркелерді орнатып, бұл су өткізу қабілетін төмендеткен. Талғар ауданы ТЖБ жергілікті атқару органдарымен бірлесіп, су басқан үйлердің жоғарғы бөлігінде арық жүйелерін тереңдету жұмыстарын жүргізуде. Көшелерде су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр.
———————————————