Қорғаныс министрлігі БҚО аумағына құлаған дронға қатысты жауап берді

Әуе қорғанысы жіті бақылауда. Батыс Қазақстан облысының аумағына құлаған дронға қатысты журналистерге сұқбат берген Қорғаныс министрінің орынбасары осылай деп мәлімдеді. Шаих-Хасан Жазықбаев құзырлы орган тергеу жүргізіліп жатқанын айтты. Оның қорытындысына қарай, тиісті шара қабылданады. Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір апта бұрын Тасқала ауданы аумағына ұшқышсыз ұшақ құлаған болатын. Ал бір ай бұрын Бөкей ордасы ауданы маңында дәл осындай жағдай болған еді.
ШАИХ-ХАСАН ЖАЗЫҚБАЕВ, ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Халықты алаңдамауға шақырамын. Ұшқышсыз ұшатын аппараттың нақты не себептен ол жерге құлағанын тергеу қорытындысы бойынша шешім шығарамыз. Ресми құқығы бар органдар айналысып жатыр.
———————————————