Түркиядағы митинг кезінде отандастарымыз зардап шеккен жоқ

Түркияда болып жатқан наразылық шараларына қатысты Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады. Министрліктің дерегінше, шеру кезінде отандастарымыз зардап шеккен жоқ. Айта кетейік, оппозициялық саясаткер Экрем Имамоглы тұтқындалғаннан кейін Ыстамбұл мен басқа да ірі қалаларда жаппай демонстрация басталды. Түркияның БАҚ құралдары бұл соңғы 10 жылда болмаған ірі митингтер екенін хабарлап жатыр. Шерулер барысында 1400 адам тұтқынға алынған.
———————————————