«Пара алды» деп айыпталған Алматы Су коммуналдық басшысының жазасы прокуратура шағымы бойынша шарттыдан, қамауға алуға өзгертілді. «Кәсіпкерлерден 75 млн теңге пара алмақ болды» деген күдікке ілінген Мақсат Жолдыбаев 5 жылға бас бостандығынан айрылды. Аппеляциялық шешім шығып, ол сот залында қамауға алынды. Жолдыбаев Алматы Су мекемесінде 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеген. Ол екі компания басшысынан жұмыс актісін кедергісіз қабылдаймын деп пара алған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.