Олжас Бектенов қоқыс полигондарына байланысты ескерту жасады

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Экология және табиғи ресустар министрі Ерлан Нысанбаевқа қоқыс полигондарына байланысты ескерту жасады. Үкімет басшысы өңірлерде былтырғы жылы 5 миллион тоннаға жуық қалдық жиналып, оның шамамен 26% ғана қайта өңделіп, кәдеге асқанын айтты. Полигондар жағдайы да сын көтермейді. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, былтыр Үкімет 100 жаңа полигон салуды көздейтін арнайы іс-шаралар жоспарын бекіткен. Алайда бүгінде әкімдіктер олардың тек жетеуін ғана пайдалануға беріпті. Қазір 23 қоқыс полигоны бойынша құжат әзірленген, 18-і бойынша құжат әзірленіп жатыр. Қалған 52 полигон бойынша әкімдіктер, өңірлер жұмыс істеп жатқан жоқ, олар осы жұмысқа кірісуге тиіс. «Полигондардың талаптарға сай келмейтін негізгі бөлігі ауылдық жерлерде орналасқан», — деді министр. Барлық нормативтік база қабылданды. Соған қарамастан коммуналдық және басқа да қалдықтарды өртеу жобаларын іске асыру созылып кетті. «Өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу мәселесі де шешімін таппай келеді», — деген Үкімет басшысы экология министріне бірқатар тапсырма берді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР МИНИСТРІ:
— Бүгінде 94 жобадан тұратын пол жасақталды. Алайда оларды іске асыру барысы мүлдем мардымсыз. 67 жоба қаралған соның алтауы ғана 4 миллиард теңге сомасында қаражатпен қамтамасыз етілген. Бұл жобаларды дайындау барысында әкімдіктердің тарапынан үйлестіру шараларының жеткіліксіз екенін білдіреді. Жобаларды іске асыру, жабдықтарды жаңарту жаңа технологияларды енгізу бойынша барынша белсенді жұмыс жүргізу керек.
———————————————