Қайтыс болған баланы таэквондо секциясына тіркеген

Қызылорда облысында қайтыс болған баланы таэквондо секциясына тіркеп, пайда тапқан кәсіпкердің ісі әшкере болды. Тірек-қимыл жүйесі бұзылған өрендерді де заманауи би үйірмесіне қатысады деп, қаржы алу дерегі де анықталып отыр. Өңірдегі 310 шығармашылық орталықты тексерген прокурорлар, «артспорт» бағдарламасы бойынша жарты миллиард-тан астам теңгенің негізсіз төленгенін дәлелдеді. Тізімдегі екі мыңнан астам бала үйірмеге мүлдем қатыспаған болып шықты. Бұл жергілікті атқарушы органның олқылығы. Енді осындай заңсыздыққа жол берген қызметкерлер де жазаға тартылады.
РИЗАБЕК ОЖАРОВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ:
— Нәтижесінде бірнеше қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі таңда 500 млн тг тиімсіз жұмсалған қаражатты біз анықтап отырмыз. Оның ішінде 95 млн тг қазіргі таңда қайтарылды мемлекетке. Жұмыс жалғастырылуда.
———————————————