Қазақстан халқы Ассамблеясына биыл 30 жыл

Қазақстан халқы Ассамблеясына биыл 30 жыл. Бүгінгі таңда ұйым бірліктің символы ғана емес, тұрақтылық пен бейбітшіліктің жаршысына айналды. Ассамблея өкілдерінің басты мақсаты – ел ішіндегі достықты нығайту.
Қазақстан халқы Ассамблеясы татулық, ынтымақ, бірлік сынды басты құндылықтарды дәрітптеп, өз идеологиясын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Ұйымда 120 астам ұлт бар. Оның мүшелері жас буынның патриоттық сезімін оятып, отанды сүюді насихаттайды. Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев айтқандай, бұл – ел саясатының бұлжымас бағдарының бірі. Биыл Ассамблеяның мерейлі белесін атап өту аясында 150-ден аса іс-шара ұйымдастырылады.
РУСТАМ ҚАЙРЫЕВ, ҚХА МҮШЕСІ:
— Әртүрлі ұлттың жастары бірігіп «Рақмет, туған жер!» акциясына қатысты. Экологиялық іс-шарада олар ағаш отырғызды. Өз тілдерінде «рақмет» деп бауға жазып, оны бұтақтарға байлады. Осылайша, олар қазақ жеріне алғысын білдірді.
Ассамблеяда мемлекетке, жастарға пайдалы жоба көқп. Жас буынға жаңа, болашақ мамандықтарды меңгеруге арналған түрлі платформа жасауға мүмкіндік беріледі. Былтыр Ассамблея мүшелері су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 120 тонна ізгілік көмегін жөнелтті. «Ол үшін 12 мың ерікті күні-түні тынымсыз еңбек етті», — дейді ұйым мүшелері.
ГРИГОРИЙ ИОРДАНИДИ, ҚХА ҚҰРМЕТТІ ТӨРАҒАСЫ:
— Қазақстан көпұлтты болса да, тәуелсіздігі мығым ел ретінде танылды. Әр этностың салтын сақтай отырып, ортақ шаңырақ – қазақ елінің мәдниетіне құрметпен қараудың озық үлгісін қалыптастырды.
Сарапшылардың айтуынша, бүгінде Ассамблея елдің әлеуметік, мәдени-экономикалық және саяси өміріне әсер ететін қоғамдық органға айналды.
———————————————