Ақтөбелік келіншек екі баласын тұншықтырып өлтірді | 26.03.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

«ҚАНІШЕР» АНА
Ақтөбелік келіншек екі баласын тұншықтырып өлтірді. Әйелдің бұл қылмысқа не үшін барғаны белгісіз. Алдын ала болжам бойынша, оған босанғаннан кейінгі депрессия әсер еткен болуы мүмкін.

МҰЗ ЖҰҚАРДЫ
Қарағандыда төрт балықшы суға кетті. Жұқа мұз оларды көтермей, опырылған. Ал Шығыс Қазақстан облысында ескертуді елемей, жұқа мұзға шыққан 200 балықшыға ескерту берілді.

ТАСҚЫН ҚАУПІ
Алматы облысының Тұздыбастау ауылына қарғын су кіріп, тұрғындар өзен арнасын өз күштерімен бұруға тырысты. Ал Солтүстік Қазақстан облысындағы тасқын қаупі сегіз дронмен бақылана бастады.

ҚАЛДЫҚ ҚАЛМАЙДЫ
Қалдықты кәдеге жаратамыз. 2027 жылы елімізде тұрмыстық қалдықты сұрыптау және қайта өңдеу үлесі 36% жетеді. Қазір 67 жоба жүзеге асырылып жатыр. Үкіметте 2029 жылға дейінгі «Ұлттық даму» жоспары таныстырылды.

САДАҚШЫ ӘЖЕ
Түркістандық садақшы әже. 64 жастағы сұрмергеннің өнері жұртшылықты тәнті етті. Жастайынан садақты серік етіп, ғұмырын жебеге байлаған ана арнамызға сұхбат берді.
———————————————