Баласының диагнозын мойындамаған әрі уақытылы емдетпеген. Лифтіде бес жасар баланың бетін пышақпен тілген жасөспірімнің анасына қатысты осындай дерек айтылды. Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, анасы дәрігерлердің сөзіне құлақ аспай, іске атүсті қараған. Салдарынан баланың ауруы асқынып, соңы жантүршігерлік оқиғаға соқтырды. Енді жасөспірімнің анасы райынан қайтады деген үміт бар. Өйтпеген жағдайда жауапкершілікке тартылуы да мүмкін.
Айта кетейік, 11 ақпанда Астанада көпқабатты үйлердің біріндегі лифтіде болған оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.