Павлодарда көпқабатты үйдің подъезінде 9 жасар балаға ер адам шабуыл жасаған. Оқиға бейнекамераға түсіп қалған. 2016 жылы туған бала сағат төрттер шамасында мектептен қайтып келе жатса керек. Аулада тұрған бейтаныс ер адам оның соңынан ере кетеді. Тіпті көпқабатты үйдің кіреберісіне жасөсіріммен бірге еніп, оны күштеп ұстай алып, жібермей қойған. Осы уақытта подьездге курьер жігіт кіріп келіп, ер адамның қолынан босай алмай тұрған балаға болысады. Тіпті өзінің баласы екенін айтып тартып алған. Бала шошынып қалған. Осы оқиғадан кейін ол ер адамды полиция ұстап, сот шешімімен арнайы мекемеге емдеуге жатқызылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.