Петропавлда бүтін бір отбасын айуандықпен өлтіргендердің ісіне қатысты сот процесі аяқталды. Оқиға 2023 жылдың соңында қала іргесіндегі Жұмысшы кенті шағын ауданында болған. Күдіктілер белгілі кәсіпкер мен оның әйелін және кәмелетке толмаған баласын өз үйінде бауыздап өлтірген. Артынша бағалы заттарын қолды қылған.
Тергеу барысында бұл отбасын олардың бәсекелестері өлтіргені анықталды. Үш күдікті ұсталып, былтыр қазанда оларға үкім кесілген болатын. Біреуі – өмір бойына, екіншісі – 21 жыл 8 айға, соңғысы – үш жылға сотталған еді. Алайда бұл үкіммен келіспеген жәбірленуші тарап пен прокурорлар апелляциялық шағым түсірді. Сөйтіп, сот алқасы кейбірінің жазасын қатаңдатты. Алғашқы айыптының үкімі өзгеріссіз қалды, екіншісі – 23 жылға, ал үшінші күдікті — 4 жылға сотталды. Үкім заңды күшіне енді.
ТАТЬЯНА ПРИХОДЧЕНКО, ЖӘБІРЛЕНУШІ:
— Мен Скоробогатоваға қатысты тағайындалған жазамен мүлдем келіспеймін. Себебі ол қасындағыларды осы қылмысты жасауға итермеледі және ол дәлелденді. Ал Орлов болса өмір бойына бас бостандығынан айырылсын. Менің басқа талабым да, айтарым да жоқ.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.