Алматыда «Іле-Алатау» ұлттық паркіне қатысты шу шықты. Қала билігі қорғалатын аумақтың бір бөлігін, нақты айтқанда, 20 мың гектарды әкімдікке тиесілі «Медеу» паркінің балансына бермек. Бұған экологтар мен туристік агенттік қожайындары наразы. Табиғат жанашырлары «туризмді дамытамыз деп жүріп, тұмса табиғатымызды бүлдіріп аламыз, тау етегінде көз тоймайтын көріністің орнына қонақ үйлер мен мейрамханалар қаптайды» деген пікірде. Туризм саласының өкілдері «аймаққа инвестиция тартқан жақсы, бірақ шетелдік туристер үшін бес жұлдызды қонақ үйлер, аспалы жолдан гөрі, адам аяғы баспаған табиғатты тамашалау қызығырақ», — дейді. Ұлттық парк жерін әкімдікке беру сұрағы әлі шешілмеген. Экология министрлігі бұған қарсы және жуық арада қоғамдық тыңдау өткізбек.
Туристер ұлттық паркте жабайы табиғатты көреміз деп келеді. Өкінішке қарай, бізде Қызыл кітапқа енген жануарлар да, ерекше өсімдіктер де жоқ, бәрін таптап бітірдік. Аумағында 14 ұлттық паркі, 10 қорғалжыны бар елміз, бірақ шетелдік туристер сұраса, қайда апарып, не көрсетерімізді білмейміз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.