Алматыда 30 млрд теңге шығын келтірген қаржы ұйымдарының қитұрқы әрекеті әшкереленді. Қаржылық мониторинг агенттігі алты микроқаржы ұйымның заңсыз әрекетін анықтады. Олар қарыз алушыларды кепілдік шарт жасауға мәжбүрлеген. Әрі бұл қызмет бастапқы несие сомасынан бірнеше есе жоғары. Салдарынан, азаматтар қарыз сомасынан 3-5 есе көп төлем жасауға міндетті болған. Тергеу жалғасып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.