Жетісу облысында бюджеттен 1,6 млрд теңге жымқырғандар сотталды

Жетісу облысында бюджеттен 1,6 млрд теңге жымқырғандар сотталды. Сот Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің бас есепшісі мен бухгалтеріне, «Қазпоштаның» аудандық учаске бастығына, «Айдана» бөбекжай-бақшасы меңгерушісінің міндетін атқарушы және аудандық камералдық бақылау бөлімінің басшысына үкім шығарды. Оларға 7 және 8 жыл аралығында жаза кесілді. Сондай-ақ кейбіріне бірнеше миллион теңге айыппұл салынды.
———————————————