2024 жыл үшін көлік салығын төлеу мерзімінің аяқталуына 5 күн қалды. Сәуірдің біріне дейін салықты төлеп үлгермеген жүргізушілерге үстемеақы қосылып, салық бұйрығы беріледі. Содан кейін сот орындаушылар көлікті алып қоюға құқылы. Яғни қарыз толық жабылғанша мүлік айып тұрағына қойылуы мүмкін. Тиісті органдардан ескерту келгеннен кейін 30 күн ішінде төлеп үлгерсеңіз, бұл жазадан құтыласыз.
Көлік салығын есептеудің тәсілі оңай. Ол үшін жеңіл көлік қозғалтқышының көлемін және айлық есептік көрсеткішті білу қажет. 2024 жылдағы бір айлық есептік көрсеткіш — 3 692 теңге. Ал қозғалтқыш көлемі 1 500 текше сантиметрден көп болса, әр текшеге 7 теңге қосу қажет.
Салыққа берешектің бар-жоқтығын kgd.gov.kz порталынан немесе e-Salyq Azamat. мобилдіқосымшасынан білуге болады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.