Ақмола облысына ШҚО-ның құтқарушылары көмекке барды

Ақмола облысына Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары көмекке барды. Арнайы жасақ қазір Қоянды ауылында су сорғыту жұмысымен айналысып, құбырларды тазартып жатыр. Ал еліміздің шығысында жағдай тұрақталып келеді. Қазір 15 ауылда тасқын қаупі сейілді. Жалпы осы күнге дейін аймақта жеке сектордан 400 мың текше метрден астам қар шығарылған. Мұнымен қоса 411 арық пен 75 канал аршылды. Мамандар өзен-көлдерде уақытында жарылыс ұйымдастырып, мұз кептелісінің алдын алды.
МАРИНА ЛИСКОВА, ТЖД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— 12 адам және 10 техникадан жасақталған құрам қазір Қоянды және Оразақ ауылында тынбай еңбектенуде. Олар су сору және инертті материалдарды дайындаумен айналысып жатыр.
———————————————