Атырау облысында алдағы үш жылда 28 мектеп салынады

Атырау облысында үшауысымды мектеп мәселесі біртіндеп шешіліп келеді. Қазір 6 мектеп пен 2 қосымша ғимараттың құрылысы жүріп жатыр. Білім басқармасының мәліметінше, алдағы үш жылда 28 білім ошағы салынады. Бұған қоса, биыл ауылдық жердегі 25 мектепті жаңарту жоспарланған. Қазір өңірде 7 мектеп апатты жағдайда, ал 9 білім ошағы үш ауысымда оқытады.
АИДА БАЗЫЛОВА, БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
— Реновация жұмыстары бар. Атырау облысы бойынша үш жылда, 2025, 2026, 2027 жылдары 97 мектеп салынады. 2025 жылы 9 мектеп жоспарда тұр. 2026 жылы 43 мектеп, 2027 жылы 45 мектеп саламыз. Бұйырса, солардың бәрін жұзеге асырамыз деп отырмыз.
———————————————