Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
АУРУЫН ЖАСЫРҒАН
Баласының диагнозын мойындамаған әрі уақытылы емдетпеген. Лифтіде бес жасар баланың бетін пышақпен тілген жасөспірімнің анасына қатысты осындай дерек айтылды. Астанада болған оқиғаға қатысты тергеу аяқталды ма, сот қашан басталады?
ҚАНІШЕРГЕ ЖАЗА
Бүтін бір отбасын қырып тастаған күдіктілерге сот үкім шығарғалы жатыр. Петропалда үш адамның қанын мойнына жүктегендерді қандай жаза күтіп тұр? Бұған дейінгі сот шешіміне жәбірленуші тараптың көңілі толмаған еді.
ҚАРЖЫ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚУЛЫҒЫ
Микроқаржы ұйымдарынан шикілік шықты. Алматыда тұтынушыларға 30 млрд теңге шығын келтірілген. Қазір құзырлы органдар алты бірдей ұйымның заңсыз әрекетін тергеп жатыр.
МӘМС МӘСЕЛЕСІ
Енді МӘМС жүйесінде жалақысы көп адамдарға аса мән берілмек. Денсаулық сақтау министрлігі олардан алынатын жарнаны арттырмақшы. Арнайы заң жобасы Мәжілісте таныстырылды. Бұл ұсыныс 850 мың теңгеден жоғары айлық алатындарға қатысты болмақ.
МЕРГЕНГЕ ҚҰРМЕТ
Атақты мерген Әлия Молдағұлованың құрметіне сайыс ұйымдастырылды. Ақтөбеде пневматикалық мылтық атудан «Мерген ару-2025» ашық республикалық чемпионаты өтіп жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.