Құлсарыда ер адам бұрынғы әйелін бауыздап кетті

Құлсарыда ер адам бұрынғы әйелін бауыздап кетті. Тапа тал түсте күдікті келіншекті жұмыс орнында пышақтаған. Әйел адам оқиға орнында көз жұмды. Қазір қылмыс болған аудандық аурухана уақытша жұмысын тоқтатты. Келіншек онда заңгер болып жұмыс істеген. Бұрынғы күйеуінен екі баласы бар. Ал ізін суытуға тырысқан күдікті ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
АЙБЕК ШАПИХОВ, ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:
— Жылыой ауданы Құлсары қаласында болған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. 33 жастағы күдікті ізін суытпай ұсталып, қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.
———————————————