Ақтөбе облысында КамАЗ баланы қағып кетті

Тағы бір жол апаты адам өмірін қиды. Ақтөбе облысында «КамАЗ» жүк көлігі велосипед теуіп бара жатқан 13 жасар баланы қағып кетті. Жасөспірім сол жерде көз жұмды. Оқиға Қандыағаш қаласында болған. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші кейін шегініп бара жатқанда арттағы баланы байқамай басып кеткен. Ол арада асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Жергілікті полция оқиға ізімен қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады.
———————————————