Мьянмадағы жойқын жер сілкінісінен 100 шақты ғимарат қирады

Мьянмада 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Жергілікті геологтардың айтуынша, алғашқы жер асты дүмпуі Мандалай қаласынан 6 шақырым жерде болған. 12 минуттан соң зілзала 6,4 балдық күшпен қайталанған. Салдарынан 100 шақты ғимарат қирап, Ава көпірі бұзылды. Төтенше жағдай қызметкерлері құтқару операциясына кірісті. Жер сілкінісі көрші Таиланд еліне де сезілді. Бангкокта салынып жатқан 30 қабатты ғимарат жермен жексен болып, 43 адам үйінді астында қалды. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, зардап шеккендер саны 100-ге жетеді. Жер асты дүмпулері Лаос, Бангладеш, Қытай, Үндістан елдерінде де сезілді.
———————————————