Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық жол апатынан қайтыс болды

Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық жол апатына түсіп, қайтыс болды. Бұл туралы Korea JoongAng Daily басылымы хабарлады. Кенгидо провиницясында көлік жолдың оң жағындағы қоршауға соғылған. Қазақстанның төрт азаматы бар автокөлік Сохэан жүрдек жолындағы кертпеден құлап, бірнеше метрге ұшқан. Қатты соққыдан көлік өртенген. Жол апаты құрбандарының жеке басы туралы ресми ақпарат жоқ. Дегенмен шымкенттік әйел автокөлікте болғандардің біреуі 22 жастағы ұлы екенін айтады. Ол Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге кеткен. Қазір апаттың себебін полиция анықтап жатыр. Ал Сыртқы істер министрлігі бұл жағдай бойынша әзірге ақпарат берген жоқ.
———————————————