Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваға қатысты іс бойынша соттағы жарыссөздер бүгін де жалғасты. Сөз сөйлегендердің қатарында жеке тұлғалар, ұйымдар, компаниялар, қорлар мен банк өкілдері бар. Бәрі айыптауды қолдап, келтірілген шығынды толық өтеуді талап етті. Айыпталушылар барынша қатаң жазаға лайық екенін атап өтті. Екі жәбірленуші айыпталушылардың жасына, денсаулығына байланысты жеңілдіктер жасамауды сұрады.
Естеріңізге сала кетейік, 22 шілде күні Перизат Қайрат ісі бойынша тараптардың жарыссөзі басталды. Мемлекеттік айыптаушылар негізгі күдіктіні 10 жылға, ал оның анасын 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.