Алматыда жүздеген жолаушы діттеген жеріне уақытылы ұшып кете алмай, әуежайда таң атырды. Әуелі Алматы – Камрань бағытында жолға шыққан Air Astana борты ұшқаннан кейін бірнеше сағат әуеде қалықтап, әуежайға оралған. Алдын ала себеп – ұшақтан техникалық ақау шыққан. Десе де рейс араға бірнеше сағат салып, Вьетнамға ұшып кетті. Ал SCAT ұшағына билет алғандар Пхукетке сапарды әлдеқайда ұзағырақ күтіп қалды. Олар әуежайда 12 сағаттан артық отырған. Наразы жұрт гейт жанындағы қызметкерлерден жағдайды түсіндіруді талап еткенімен, ешқандай жауап ала алмаған. «Рейсті кешіктірген әуекомпания тамақ пен су да берген жоқ», — дейді жолаушылар. SCAT өкілдері бортты тексерген кезде қосымша техникалық қызмет талап етілгенін, сондықтан ұшу уақыты кейінге шегерілгенін хабарлады. Салдарынан ұшақ бүгін сағат 12:40-та ұшып кетті.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.