Еуропаға виза алу оңай болады. Еуропалық комиссияның вице-президенті Кая Каллас Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде қазақстандықтарға виза беру тәртібін жеңілдету процесі басталғанын айтты. «Қазақстан – Еуропа Одағымен серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойған аймақтағы алғашқы ел. Бұл екіжақты қарым-қатынастың деңгейі жоғары екенін көрсетеді», — деді Кая Каллас.
Мемлекет басшысы бұл жаңалық қазақстандықтарды қуантқанын атап өтті. Енді Еуропа елдерімен жеке және іскерлік қатынасты нығайтуға мүмкіндік молая түсетінін айтты.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.