Президент 18 шілдеде қол қойған жаңа Салық кодексіне енгізілген өзгерістер аясында көлік салығы айтарлықтай өзгереді. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қозғалтқыш көлемі 3-тен 4 литрге дейінгі джиптер мен кроссовер иелері қазіргі мөлшерден төрт есе төмен салық төлейтін болады. Қозғалтқыш көлемі 3 литрден асатын автокөліктер үшін де салық мөлшерлемесі төмендейді. (ГРАФИКА) Қазір қозғалтқыш көлемі 3000 текше см-ден асатын көліктер үшін салық 35 АЕК болса, келесі жылы бұл мөлшер 15 АЕК болады. Ал 4000 текше см-ден асатын көлік салығы қазіргі 130 АЕК орнына 117 АЕК болады. Бұдан бөлек, Қазақстанда көлік салығына қатысты 0,5 және 0,7 төмендету коэффициенттері енгізіледі, ол көлік жылына байланысты қолданылады. Яғни, 10 жылдан асқан көліктерге 30% жеңілдік, ал 20 жылдан асқан көліктерге 50% жеңілдік беріледі.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.