Қазақстандықтар Марокко, Черногория және Оманға визасыз бара алады

Қазақстан азаматтары 43 елге визасыз бара алады. 19-шы наурыздан бастап тізімге Марокко, Черногория және Оман елдері қосылды. Мароккода біздің отандастарымыз алты ай сайын, 30 күн визасыз жүре алады. Черногорияда визасыз жүру уақыты қазақстандықтар үшін осы жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Ал Оманда жерлестеріміз бұрын тек 14 күн визасыз жүруге рұқсат алса, енді ол мерзім 30 күнге ұзарды. Сөйтіп, көк паспорттың құдіреті артып келе жатыр. Визасыз кіретін 43 елден бөлек, 50-ден астам мемлекетке визаны барғаннан кейін рәсімдеуге болады. 107 елге бару үшін виза қажет.
———————————————