Шымкентті ауызсумен қамтып отырған мекеме мемлекетке қайтарылды

Шымкент қаласын ауызсумен қамтып отырған мекеме мемлекетке қайтарылатын болды. Су арнасына байланысты сот осындай шешім шығарды. Істі зерделеу барысында нысанды жекешелендіру кезінде бірқатар заңбұзушылық болғаны анықталған. Айталық, нысанды бірыңғай кешеннен бөлуге тыйым салынғанына қарамастан меншік құқығы өзгертілген. Енді «Су ресурстары-маркетинг» серіктестігіне қарасты төрт су жинақтау орны мен автокөлік цехы мемлекет қарауына беріледі. Айта кетейік, бүгінде мекеменің банкке 12 млрд теңге қарызы бар. Сол себепті мүліктің 54% кепілдікке алынған.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Бұл кредиттің барлығы осы тарифтің ішінде еді. Сондықтан бюджетке кредитті жабу бойынша қосымша салмақ түспейді. Тарифке түскен ақшамен жабылатын болады. Екіншіден, мемлекеттік меншікке өткеннен кейін осы объектілердің барлығында тарифтің төмендеуі бойынша жұмыс істейміз.
———————————————