Биыл сабақ екінші қыркүйекте басталады

Биыл сабақ екінші қыркүйекте басталады. Себебі 30 тамыз Конституция күні сенбіге түскендіктен, дүйсенбі – 1 қыркүйек те демалыс күні деп есептеледі. Ал Білім күніне арналған салтанатты шараны өткізу-өткізбеуді немесе қай күні өткізуді әр мектептің педагогикалық кеңесі шешеді. «Егер мектеп басшылығы салтанатты шараны дәл 1 қыркүйекте өткізуді орынды деп тапса, біз оған мүмкіндік береміз», — деді Оқу-ағарту министрі. Ғани Бейсембаевтың айтуынша, жалпы оқу процесі 2 қыркүйектен басталып, 25 мамырда аяқталады.
———————————————