Ұлытау облысында үш мыңнан астам киіктің өлексесі табылды. Жергілікті билік өкілдері жануардың қырылуын қыстың қысылтаяңы мен қаңғыбас иттің талауынан көріп отыр. Жезқазған маңында 660, Қаражалда 2 342 киік қырылған. Қазір төтенше жағдайлар министрлігі, Орман инспекциясы және жергілікті әкімдік өкілдерінен құралған бригада дала жануарларының өлексесін арнайы қорымда жою жұмыстарына кірісті.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.