Арал теңізінің құрғаған ұлтанына дронмен тұқым себіле бастады. «Бұл тәсіл адам күшін қажет етпейді және көп уақыт алмайды», — дейді мамандар. 50 келідей жүк көтере алатын дронмен сексеуіл, сарысазан егіліп жатыр. Бағдарлама үш жылға арналған. Жалпы Аралдың құрғаған ұлтаны 6 млн гектардан асады. Оның 2 млн 800 гектары Қазақстан аумағында. Мемлекет басшысы теңіз ұлтанындағы 1 млн 100 мың гектар жерге шөлге төзімді өсімдік егуді тапсырған болатын. Соңғы бірнеше жылда дүниежүзілік банктің қолдауымен 57 мың гектарға сексеуіл отырғызылса, Оңтүстік Кореямен бірлесіп, 13 мың гектардан аса алқапқа көшет егілді.
ДАНИЯР ТҰРҒАМБАЕВ, ОШЖД КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
— 2024 жылы 15 мың гектар жерге сексеуіл егу жұмыстары жүргізілді. 2024-2025 жылы 120 мың гектар жерге себу жұмыстары және 2025 жылға арналған 16 мың түп сексеуілдің 11800-і осы компанияның күшімен жүзеге асырылып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.