Шымкент тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін сотталды

Терроризмді насихаттағаны үшін сотталды. Шымкент тұрғыны өткен жылдың қыркүйегінде WhatsApp желісінде арнайы ашылған топқа халықаралық террористік мазмұндағы аудио және мәтін жолдап отырған. Сөйтіп, екі адамды экстремистік әрекет жасауға үгіттеп, көндірген. Енді ол осы әрекеті үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
———————————————