Қосшыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтті

Қосшы қаласындағы «Айгерім» сауда үйіне екі лаңкес баса көктеп кіріп, адамдарды кепілдікке алған. Құқық қорғаушылар дер кезінде әрекет етіп, оларды ұстады. Қалада көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылып, халық абдырап қалды. Бұл – құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, терроризмге қарсы ұйымдастырылған оқу-жаттығу жиыны болды. Алдын ала хабарландыру болғанына қарамастан, жергілікті жұрт шошып, көріністі бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желіде таратты. Полицияның дерегінше, дүрлігуге еш негіз жоқ. Терроризмге қарсы оқу-жаттығу жиындары жоспарлы түрде өтіп тұрады. Бұл күштік құрылымдардың қырағылығын пысықтау үшін қажет.
———————————————