Ұлттық ұлан 7 мамырда өтетін Жеңіс шеруіне дайындықты пысықтады

Ұлттық ұлан 7 мамырда өтетін Жеңіс шеруіне дайындықты пысықтады. Брондалған техниканың тегеурінін тексерді. Жалпы салтанатты жиынға 17 заманауи бронды техника ұсынылмақ. Бұл шараға арнайы экипаж топтары жұмылдырылды. Шеруге механикаландырылған коллонадан бөлек 400-ден астам әскери қатысады. «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің жауынгерлері мен патрульдік-бекеттік қызметтің әскерилері сап түзейді. Жеңіс шеруін Ұлттық ұлан оркестрі сүйемелдейді. Биыл бұл ауқымды шараға 4,5 мың әскери қызметші қатысады. +СНХ
АРСЕН ШАЙМАРДАНОВ — БРОНДЫ ТАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ
— Ұлттық ұланның бронды техникалары сақадай сай. «Алан-2», «Барыс 6х6» техникалары қатысуы жоспарланған. Әскер әлеуетін көрсететін шараға Ұлттық ұлан әрқашан дайын.
———————————————