Екібастұзда «Самғау» балалар шығармашылығы орталығы ашылды. Жаңа нысанда 9 мыңнан астам жас талантқа түрлі бағытта өнерін шыңдауға мүмкіндік жасалады. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға да назар аударылады. Балғындарға 50-ден астам білікті педагог қызмет көрсетеді. Яғни қала балаларының 70% қосымша біліммен қамтылады. Орталық Президент тапсырмасымен ашылып отыр.
САНДУҒАШ АҚАНОВА, ПСИХОЛОГ:
— Қазір менің тобымда 23 бала бар. Әрқайсымен жеке айналысамыз. Әр баланың өзіндік ерекшелігі бар. Баланың жан-жақты дамуына әсер ететін сенсорика және ұсақ моторикамен жұмыс істейміз. Сонымен қатар олардың ата-аналарына да психологиялық қолдау көрсетеміз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.