Ораза айт намазының кестесі шықты

Алдағы жексенбі Ораза айт болады. Осылайша отыз күн ауыз бекіткен қауым Рамазан айын аяқтайды. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы әр қалада өтетін айт намазының кестесін жариялады. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында айт намазы таңғы сағат 7:00-де оқылады. Кестенің толық нұсқасы Жетінші арнаның инстаграмдағы парақшасына жүктелді. Сол арадан көруге мүмкіндік бар.
———————————————