Құлсарыда ер адам бұрынғы әйелін бауыздап кетті | 28.03.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ҚАНДЫ ОҚИҒА
Атырау облысында ер адам бұрынғы әйелін бауыздап өлтірді. Оқиға Құлсары қаласында болған. Күдікті ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

ЖЕР СІЛКІНДІ
Жамбылда жер сілкінді. Дүмпу қуаты 5 балға жеткен. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Бірақ Меркі мен Тұрар Рысқұлов аудандарында бірнеше ғимаратқа сызат түскен.

КИІК ҚЫРЫЛДЫ
Ұлытау облысында үш мыңнан астам киіктің өлексесі табылды. Жергілікті билік өкілдері дала жануарының қырылуын қыстың қысылтаяңы мен қаңғыбас иттің шабуылынан көріп отыр. Енді қалың өлексе қайда көміледі?

ЖЕҢІС ШЕРУІ
Ұлттық Ұлан 7 мамырда өтетін Жеңіс шеруіне қызу дайындалып жатыр. Брондалған техниканың тегеурінін тексерді. Салтанатты жиында арнайы мақсаттағы бөлімше жауынгерлері сап түзеп, оркестр әуенмен сүйемелдейді.

ДӘНЕКЕР
Қызылордалық Ғазиза Рысқұлова электр-газ дәнекерлеу ісін ұршықша иіріп жүр. Өмірлік серігін де осы жолда тапқан.
———————————————