Теміртауда бір топ жасөспірім 67 жастағы зейнеткерді алдап, оның пәтеріне кіріп, аяусыз соққыға жыққан. Олар бұл қатыгез әрекеттерін өздері видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктепті. Жасөспірімдер өздерін электр маманы екендіктерін айтып, қарияны алдап есігін ашқызса керек. Содан соң ойларына келгенін істепті. Бесеуі де жеткіншектер екен. Енді дұрыс тәрбие бере алмағаны үшін олардың ата-анасы жауап беретін болады.
БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Теміртау қаласының 67 жастағы тұрғынына қатысты шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық кінәлі тұлғалар соның ішінде кәмелетке толмағандар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кәмелетке толмағандардың заңды тұлғалары бала тәрбиесіне тиісті деңгейде қарамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.