Бойжеткенді Бахрейн Корольдігінде жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Дәл қазір Шымкент қалалық сотында Бахрейн Корольдігіне қызды апарып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген күдіктіге қатысты отырыс өтіп жатыр. Айыпталушы 2016 жылдан бері ел азаматын Бахрейнге жұмысқа орналастырамын деген желеумен шекара асырып отырған. Алайда корольдікке жеткен соң, бойжеткеннің құжатын бермей қойған. Зардап шеккендер қарасы көп. Екеуі – Шымкент тұрғыны. Күдікті әйел адам саудасымен айналысты деп айыпталды, егер кінәсі дәлелденсе, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
СӘКЕН ҚҰРБАНБАЕВ, АУДАНДЫҚ ПРОКУРОР ОРЫНБАСАРЫ:
— Бұл топ 2016-2020 жылдар аралығында Қазақстан аумағында қыздарды Бахрейн Корольдігіне жөнелтумен айналысқан. Құқық қорғау органдарының жедел тергеу іс-шараларының нәтижесінде бірнеше жәбірленуші құтқарылып, елге қайтарылды. Бүгінгі таңда 23 адам әртүрлі жазаға тартылды.
———————————————