Қазақстанға ресми сапармен Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар келді. «Ақорда» резиденциясында мәртебелі мейманды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Мемлекет басшылары шағын құрамда келіссөз жүргізді. Словенияның Қазақстан экономикасына салған тікелей инвестициясының көлемі 200 миллион долларға жуықтаған. Еліміздегі фармацевтика, машина жасау, телекоммуникация және жаңартылатын энергия көзі саласында Словения капиталының үлесі бар 19 компания кәсібін табысты жүргізіп келеді екен. Екі ел басшылары көлік логистика саласындағы байланыс аясын кеңейту мәселесін де талқылады. Мәртебелі мейман Астананың көрікті жерлерін аралап, қазақтың ою өрнегі өрілген ұлттық киімдерімен танысты. Наташа Пирц-Мусар Димаш Құдайбергеновтың әндерін жатпай-тұрмай тыңдайтынын айтты.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.