Жүргізуші: Ардақ Қасымхан — https://www.instagram.com/ardak_kassymkhan
ЖАСӨСПІРІМ ҰЗАТЫЛДЫ
Қарағандыда 15 жастағы жасөспірім қызын ұзатып жіберген өгей әке енді сот алдында жауап береді. 38 жастағы күйеу баланың да ісі майшаммен қаралады.
«КЕҢ ПЕЙІЛДІ» КОМЕНДАНТ
Астанадағы жатақхананың бірінде 56 мигрантты студент ретінде тұрғызған комендант енді сазайын тартады. 1 240 шетелдік сот шешімімен елден шығарылып, оларға бес жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынды.
КӨПІРДІ СУ ШАЙДЫ
Елімізде көктемгі су тасқынына қызу дайындық жүріп жатыр. Кейбір өңірлерде қазірдің өзінде жағдай алаңдатарлық. Көпірлерді су шайып, үйлерге жақындап келеді. Синоптиктер күн күрт жылынады деп отыр.
МОПЕДШІЛЕР СЕРУЕНІ
Алматы Арбатында мопедшілер жаппай серуен ұйымдастырды. Олар жаяу жүргіншілер жолымен жүріп, ел ішінде қауіп төндірген. Заң бұзған 13 жүргізуші ұсталып, полицияға жеткізілді.
САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ
Бүгін – мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Осыған орай әр өңірде түрлі шара өтті.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.