Жамбыл облысында мектепке дейінгі мекемеде жаппай балалар уланып, кейбірі жансақтау бөліміне жеткізілді. Осы оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалды. Тоғыз бүлдіршінге жедел ішек инфекциясы, ал біреуіне энтеровирусты инфекция деген диагноз қойылған. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мамандары талдауға қажет сынамаларды алып, тексеру жүргізуде. Балалардың неден уланғанын сол сараптамадан кейін белгілі болады. Белгілісі, тәрбиеленушілерді мекеменің өзінде тамақтандырған. Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасымен әрбір істі жан-жақты зерттейтін жұмыс тобы құрылып, облыстық прокуратура ерекше бақылауға алды. «Егер балалардың жағдайы нашарласа, Таразға санитарлық авиациямен алып кетеді», — деді Меркі аудандық ауруханасының дәрігері.
ӘНЕЛ МҰХАЕВА, АУРУХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ М.А.:
— Осы он баланың шағымы – іш өту, құсу және дене температурасы 37-39 градусқа шейін көтерілген. Қазір қауіп жоқ, тұрақты ем қабылдап отыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.