Nazira Gold қаржы пирамидасының жұмысы тоқтатылды

Тағы бір қаржы пирамидасының жұмысы тоқтатылды. «Nazira Gold» қаржылық ұйымы өздерін зергерлік бұйымдар сататын компания ретінде таныстырған. Ал салымшыларға құйған қаржыдан айына 20-40% табыс түсіп отыратынына уәде берген. Бірақ іс жүзінде ақша сатылымнан емес, жаңа қатысушылардың салымы есебінен жүзеге асырылып келген. 4 мыңнан астам салымшыдан түскен қаражатқа күдіктілер екі үй және 10 көлік сатып алған. Тінту кезінде 374 миллион теңге қолма-қол ақша мен құны 300 миллион теңгеден асатын 12 келі алтын бұйым тәркіленген.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Күдіктілер екі айға қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Заңға сәйкес, тергеу барысы туралы басқа ақпарат жария етілмейді.
———————————————