ШҚО-да аудан тұрғындары үшбөлмелі пәтердегі емханада ем алады

Ауруханаға айналған аядай бөлме. Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлан ауданының тұрғындары емдеу мекемесіне жарымай отыр. Бас ауырып, балтыры сыздаған халық қажет ем-домын алу үшін аумағы 80 шаршы метрден аспайтын кішігірім емханаға баруға мәжбүр. Тұрғын үй кешенінде жайғасқан шағын ғана кабинетте дәрігерлер үш ауысымда жұмыс істейді. Орын аздығынан арнайы жұмыс кестесін де бекітіп қойған. Әкімдік қызметкерлерінің мәліметінше, биыл көпсалалы заманауи медициналық кешен салынады. Ғимарат озық қондырғылармен жыбдықталмақ. Денсаулық сақтау нысанының құрылысына 3,5 млрд теңге жұмсалған. Емдеу мекемесі шамамен 30 мың тұрғынға медициналық қызмет көрсетпек.
ҚАРЛЫҒАШ АЙТҚАЗЫНОВА, ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
— Нысан құрылысы 65% дайын деуге болды. Емхананың бас корпусы салынып бітті. Қазіргі таңда әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Ғимаратты биылғы жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.
———————————————